9-шы Орта Азиялық Халықаралық «Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға қызмет көрсету» көрмесі

ColdChain Kazakhstan 2021: суық тізбекті жаңарту және суық қойманың инновациялық шешімдері.

3-5 қарашада аралығында Алматы "Атакент" көрме орталығында "Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға арналған сервис" - ColdChain Qazaqstan 2021 Орта - Азиялық халықаралық көрмесі өтеді.

Қазақстанның азық-түлік өнімдерінің өңірлік және жаһандық саудасы үшін ірі нетто-импорттаушы ретіндегі рөлін назарға ала отырып, ColdChain Qazaqstan көрмесі отандық және шетелдік өндірушілердің суық тізбегінің инновациялық шешімдерін көрсету үшін тиімді алаң болып табылады. Терморегуляцияланған суық жеткізу және сақтау тізбегі тұтынушыларға азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жоғары сапалы түпкілікті өнімді жеткізеді, бұл сенімді және қауіпсіз трансшекаралық сауда үшін үлкен мәнге ие болып табылады. Елдегі салқындату тізбегінің тиімділігін арттыру Қазақстандағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмыс орындарын құруға және инвестицияларды ынталандыруға ықпал етеді. ColdChain Qazaqstan 2021 көрмесінің басты мақсаты – үздік отандық және шетелдік өндірушілер мен жабдықтарды, тез бұзылатын өнімдерді сақтау және тасымалдау қызметтерін жеткізушілерді бір алаңда біріктіру.

ColdChain Qazaqstan сияқты экспо-шараны өткізудің маңыздылығы қазақстандық және шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы көтерме-тарату орталықтарын салу жобасына қызығушылығымен түсіндіріледі. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің жоспарына сәйкес, 2024 жылға қарай елімізде 24 көтерме-тарату орталығы салынады. Оларды пайдалануға беру көрме шеңберінде ұсынылған суық тізбектің жаңа әзірлемелерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. КТО (Көтерме-тарату орталығы) азық-түлік өнімдерінің логистикасын дамытудың, одан әрі сақтау мен бөлудің тиімді тәсілі болып табылады.

Жыл сайын салқын логистика нарығын шетелдік жаңа жеткізушілер мен отандық кәсіпорындар кеңейтетіні сөзсіз. Көрме аясында отандық өндіруші «Силумин-Восток» өз зауытынан түрлі тоңазытқыш жабдықтар мен оның жиынтықтарын ұсынады. Экспозицияда дәстүрлі түрде ресейлік компаниялар - «Евростайл», «Профхолод» ұсынылған. Логистикалық қиындықтарға және карантиндік шектеулерге қарамастан көрмеге Германиядан «Plattenhardt + Wirth», Нидерландыдан «Geerlofs», Түркиядан «KINGSPAN YAPI ELEMANLARI A.S» шетелдік компаниялар қатысуда.

ColdChain Kazakhstan дәстүр бойынша тағы төрт көрмемен қатар өтеді: FoodExpo Qazaqstan, AgroWorld Qazaqstan, Horex және Clean Expo Qazaqstan және QazPack.

Көрменің ұйымдастырушысы Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Cold Chain 2021 ресми қолдауын Алматы қаласының әкімдігі және Суық Тізбектің Жаһандық Альянсы (Global Cold Chain Alliance) көрсетеді.