9-шы Орта Азиялық Халықаралық «Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға қызмет көрсету» көрмесі

COLDCHAIN KAZAKHSTAN 2022 КӨРМЕСІНДЕ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ СУЫҚ ТІЗБЕККЕ АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРЫ

2-4 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында Coldchain Qazaqstan 2022 - «Суық қойма, тасымалдау және суық логистикаға арналған сервис» 6-шы Орталық Азия халықаралық көрмесі өтеді.


  Өз жұмысының алты жылында Coldchain Qazaqstan жобасы суық жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілерді, тез бұзылатын өнімді сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді өнімді диалог жүргізу, инновациялық әзірлемелерді көрсету және саланың өзекті трендтерінің мониторингі үшін сапалы алаңмен қамтамасыз ете отырып, саланың бейінді оқиғалары арасында флагманға айналды.

reliz coldchain

 ColdChain Qazaqstan көрмесін өткізудің өзектілігі Қазақстан аумағындағы суық тізбектің тиімділігі мен отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі, тамақ өнімдерінің логистикасының дамуы, сондай-ақ, оларды одан әрі тасымалдау мен сақтау арасындағы тікелей тәуелділіктен туындайды.

  2022 жылғы экспозицияға Германия, Иран, Қазақстан, Польша, Ресей және Түркиядан 12 өндіруші компания қатысады.
Қатысушылар өздерінің стендтерінде инновациялық жабдықтар мен практикалық сақтау шешімдерінің үлкен ассортиментін ұсынады. AKAY TRADE компаниясы тоңазытқыш, мұздатқыш және шок мұздатқыш камераларының желісін ұсынады. Сондай-ақ, Еуроколд компаниясы келушілерді өнеркәсіптік және коммерциялық тоңазытқыш жабдықтарымен таныстырады.
  Ресейлік нарық өкілі Профхолод компаниясы экспозицияда сэндвич панельдерін, тоңазытқыш камераларын және камераларға арналған есіктерді ұсынады. Сондай-ақ, көрмеге қатысушылар қатарында Cantek, IFT project development, IGLOSZRON STANISLAW CHMIELEWSKI, Plattenhardt & Wirth GmbH, «Сити Агро» ЖШҚ, «ЭХО-РУС» ЖШҚ компаниялары бар.
  ColdChain Kazakhstan дәстүр бойынша тағы төрт көрмемен қатар өтеді: FoodExpo Qazaqstan, AgroWorld Qazaqstan, Horex&Clean Expo Qazaqstan және QazPack.
Көрмені қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Eurasia компаниялар тобы ұйымдастырады.
Coldchain 2022 ресми қолдауды Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді.
Толығырақ ақпаратты және қатысушылар тізімімен оқиғаның веб-сайтынан танысуға болады www.coldchain.kz.